Елорда
1 мин оқу 130
Астана Арена стадионы аумағында жол қозғалысы шектеледі
<p style="text-align: justify;">«Астана Арена» стадионы аумағында жол жамылғысына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты жолдың Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын қосатын бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Осыған байланысты осы жылдың 16-19 шілдесінде жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады, сонымен қатар Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы ашылып, іргелес көшелер бойымен көлік қозғалысы жүзеге асырылады», делінген қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқан хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.
Бөлісу:
