Оқиға
1 мин оқу 194

Алматыда тағы да автобус апаты болды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында тағы бір автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;&nbsp;</p>

Алматыда тағы да автобус апаты болды

Әлеуметтік желіде апат болған жерде түсірілген видео тарап жүр. Кадрларда қоғамдық көліктің алды-артынан қисайып тұрғаны бейнеленген. Бейнеролик авторының айтуынша, жол апаты Әшімов пен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық Полиция департаменті жол апаты сағат 09:15-те болғанын хабарлады.

«Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдамаға тоқтаған 137-автобусқа соғылған. Инерция әсерінен автобус жол жиегіне шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған», деді полицейлер.

Апат салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының мән-жайлары әлі де анықталып жатыр.

Бөлісу:
Алматыда тағы да автобус апаты болды · Egemen Qazaqstan