Туризм
1 мин оқу 720
ТОП-5: Қазақстанда ең танымал курорттық аймақтар
<p style="text-align: justify;">2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанның курорттық аймақтарын 766 588 турист аралаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Туризм индустриясы комитеті Қазақстанда ең танымал 5 курорттық аймақтарды атады:
- Бірінші орын – Алматы тау кластері. Бұл аймақтың табиғаты мен тау пейзаждарын 551 965 турист тамашалаған.
- Екінші орын – Щучинск-Бурабай курорттық аймағы. Көкшетаудың табиғи сұлулығы, осы аймақтың көлдері мен ормандары 69 103 саяхатшыны қызықтырған.
- Үшінші орын – Маңғыстау курорттық аймағы. Каспий теңізінің бірегей табиғи ландшафттары мен жағалауы 57 529 турист үшін демалыс орнына айналған.
- Төртінші орын – Түркістан туристік аймағы. Түркістанның бай тарихы мен мәдени мұрасы 26 069 қонақты қызықтырған.
- Бесінші орын – Алтай курорттық аймағы. 2024 жылдың алғашқы үш айында бұл көркем аймаққа 20 696 турист келген.
Бөлісу: