Әлем
1 мин оқу 220

Түркияда туристер мінген кеме отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Түркияның Мармарис қаласында туристер мінген кемеден өрт шықты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркияда туристер мінген кеме отқа оранды

Оқиға кезінде туристер суға секіріп кеткені анықталды.

Түркия көлік министрлігінің теңіз басқармасы мәлімдегендей, төтенше жағдай кезінде 39 жолаушы құтқарылды, 17 адам түрлі дене жарақатын алған. Дәрігерлердің айтуынша, 3 туристің жағдайы ауыр.

Тілсіз жау салдарынан кеме суға батып кеткен. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. 

Бөлісу:
Түркияда туристер мінген кеме отқа оранды · Egemen Qazaqstan