Ауа райы
1 мин оқу 152

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

<p>&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК бүгінге, 2024 жылдың 21 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады деп күтіледі.

«Күндіз сынап бағаны еліміздің солтүстігінде, шығысында: +20…+28°C, оңтүстігінде: +34…+39°C, еліміздің орталығында: +25…+33°C, оңтүстік-шығысында: +30…+38°C, ал батысында +33…+38°C көрсетеді деп болжанған», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Бөлісу:
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады? · Egemen Qazaqstan