Оқиға
1 мин оқу 192
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде жол апатының жантүршігерлік кадрлары тарап жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 20 шілдеде Екатеринбург-Алматы тасжолында болған.
«Бұған дейін HOWO жүк көлігінің жүргізушісі қашықтық пен жылдамдықты сақтамай, бағдаршамда тұрған үш көлікпен соқтығысқаны анықталды. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен бес адам Астана қаласының ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады ведомстводан.
Полицейлер оқиғаның Ақмола облысы Айдарлы ауылының маңында болғанын айтты.
Бөлісу:
