Ауа райы
1 мин оқу 360

Қазақстанда 43 градусқа дейін күн ысиды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда 43 градусқа дейін күн ысиды

Мекеме мәліметінше, 23, 24 және 25 шілде күндері Қазақстан аумағында атмосфералық қысым төмендеп, құбылмалы ауа райы қалыптасады. 

Мәселен, 24-25 шілде аралығында елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Ал шығыс пен оңтүстікте ауа температурасы көтеріледі. 

«Күндіз ауа температурасы республиканың шығысында +30...+35, оңтүстікте +38...+43, оңтүстік-шығыста +31...+37 дейін көтеріледі деп болжанып отыр», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Бөлісу: