Қоғам
1 мин оқу 240

Тазының аң аулау қабілетіне қандай ген жауап береді

<p style="text-align: justify;">Халқымыз үшін қадірлі тазының генетикалық құрылымы зерттелді. Осыған дейін тазының алғыр қарымы жұрт үшін жұмбақ болып келген еді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тазының аң аулау қабілетіне қандай ген жауап береді

Генетика және физиология институты тазы тұқымының гене­тикалық әртүрлілігі мен по­пу­ляциялық құрылымын анық­тау үшін институт ғалымдары зерттеу кезінде генетикалық маркерлердің екі түрін, микро­сателлиттер мен бір нуклео­тидті нұсқаларды алғаш рет қол­данған.

Зерттеу қорытындысында тазы - ежелден келе жатқан әрі филогенетикалық тарихта берік орын алған тұқым екені анықталды. Ал оның қырағы аң аулау қабілетіне 18, 22 және 25 хромосомалар жауап береді.

Осын­дағы 12 геннің ішіндегі «CAB39L» гені тазының жүгіру жылдамдығы мен төзімділігі­не әсер ететіні әлі де зерттеу нысанына алынады. 

Бұл ізденістің нәтижесінде тазы тұқымынан келер ұшан-теңіз пайданы тілшіміз Азамат Есенжолдың «Тазының генетикалық құрылымын зерттеді» мақаласынан оқи аласыздар. 

Ал қазақ тазысының атасы, оны баптап-баулудың қыр-сыры Бекен Қайраттың «Қазақ тазысы» мақаласында кеңінен қамтылған.

Бөлісу:
Тазының аң аулау қабілетіне қандай ген жауап береді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар