Оқиға
1 мин оқу 170

Ауыр қылмыс жасаған ер адам 9 жылдан кейін жазаланды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында 9 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ауыр қылмыс жасаған ер адам 9 жылдан кейін жазаланды

«Арыс аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады. Осылайша, полицейлер Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтердің бірінде іздеуде жүрген 35 жастағы қылмыскерді ұстады», деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.

Оның 2015 жылдан бері қарумен ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды. Ер адам қамауда отыр. Тергеу барысында күдіктінің қылмысқа қатыстылығы толық дәлелденіп, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Бөлісу:
Ауыр қылмыс жасаған ер адам 9 жылдан кейін жазаланды · Egemen Qazaqstan