Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 70

«Диуани хикметтің Көкшетау нұсқасы

<p style="text-align: justify;">Облыс орталығындағы әдебиет және өнер му&shy;зейіндегі құнды қазы&shy;наның бірі &ndash; &laquo;Диуани хикмет&raquo; кітабының қол&shy;жазба көшірмесі.</p>

«Диуани хикметтің Көкшетау нұсқасы

Ғалымдардың пікі­рінше, Қожа Ахмет Ясауидің бұл ең­бегі ХVІ-ХVІІ ғасырда қайта көшірілген. Түрік халық­тарына ортақ ескі әдеби тіл­де жазылған. Кө­шірме бұ­қар қағазына таң­баланған. Мамандар ішіндегі көп сөз қазақтың әдеби тіліне орайлас дейді. Бұ­рынғы нұсқалар оғыз диа­лек­тісінде жазылған екен. Қол­жазба нұсқа ең ескі әрі сирек кездесетін үлгі. 90 беттен тұратын қолжазбаны бұ­рыннан мәлім үш нұсқамен салыстырудың нәтижесінде транскрипциялық, мәтіндік, көркем поэтикалық үл­кен айыр­машылықтың, өзге­ші­ліктің бетін ашуға болады. Бұл қолжазба қазақ әдебиеті үшін де, тіл тарихы үшін де, ежелгі діни философия үшін де құнды, маңызды рухани мұра санатында.

Бөлісу:
«Диуани хикметтің Көкшетау нұсқасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар