Оқиға
1 мин оқу 150

Қостанай облысында әйел адамды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;"><span class="s1">Қостанай облысында айуандықпен әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;TobolInfo-ға сілтеме жасап.</span></p>

Қостанай облысында әйел адамды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Марқұмның мәйіті 20 шілде күні Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында жеке үйлердің бірінде табылды. Күйеуі жақын жерде болған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне ол 40 минут бұрын әйелінің айқайлағанын естігенін, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтты. Ер адамның өзі де шабуыл кезінде жараланып қалған.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі әйелді өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 29 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, күдікті марқұм әйелдің күйеуі емес.

Бөлісу:
Қостанай облысында әйел адамды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды · Egemen Qazaqstan