Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 85

Бұрын-соңды болмаған

<p style="text-align: justify;">2025 жылы Сауд Арабиясында киберспорттан алғаш рет олимпиада өтеді. Ол қандай спорт дейсіз ғой? Бұл &ndash; компьютер арқылы жекелей немесе командамен ойналатын жарыс. Яғни қатысушылар бір-бірімен шынайы емес, виртуалды өмірде бақ сынасады.</p>

Бұрын-соңды болмаған

Мұндай шешім Парижде өткен Халық­аралық олимпиада комитетінің 142-сессия­сында қабылданды. Комитет мүшелері жарысты екі жылда бір рет өткізуді ұсынды. «Олимпиадалық киберспорт ойындарының құрылғанын растай отырып, біз цифрлық революция қарқынына ілесеміз. Киберспорт қауым­дастығы бұл бастамаға құлшыныспен қарайды. Халықаралық комитет пен Сауд Арабиясы осы виртуалды бәсеке аясында 12 жыл серіктес болады», деді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Бөлісу:
Бұрын-соңды болмаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар