Қылмыс
1 мин оқу 120
ТМД елдерінің бірінде теракт жасамақ болған күдікті құрықталды
<p><strong>Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі. </strong></p>

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адам жасырын топтың құрамында ТМД елдерінің бірінде террористік актіні ұйымдастыруға дайындалды деп күдіктенеді.
«Ол Telegram-дағы жасырын аккаунттар арқылы әрекет етті. Оны халықаралық террорлық ұйымның бірінің эмиссарлары үйлестірді. Қылмыс жасамас бұрын Н.Р. топ жетекшісіне адал болуға ант берді», – делінген хабарламада.
Комитет мәліметінше, арнайы қызметтермен халықаралық террористік ұйымның басқа қатысушыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
