«Ат Чабыш» монетасы
<p style="text-align: justify;">1 тамыздан бастап Қырғызстан Ұлт­тық банкі V Дүниежүзілік көш­пелілер ойындарына арналған «Ат Чабыш» күміс кол­лек­циялық монетасын айналымға шығарады.</p>

Аталған монетаның алдыңғы жағында ипподром фонында атқа мінген екі шабандоз бейнеленген. Ал жоғарғы жағында Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының эмблемасы және «Аt Chabysh» монетасының атауы жазылған жазба, сондай-ақ 10 сом монетаның номиналы көрсетілген. «Ат чабыш» коллекциялық монетасы Қырғыз Республикасының аумағында ресми төлем құралы мәртебесіне ие. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық спорт түрлері бойынша әлемдегі ең ірі жарыстар 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Елорда әлемнің әр елінен 100 мыңға жуық туристі қабылдауға дайындалып жатыр.