Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 100

Қашықтан жасалған операция

<p style="text-align: justify;">Технология дәуірі дегеніміз осы. Қы&shy;тайлық дәрігер 5 000 шақырым қа&shy;шық&shy;тықтағы науқастың өкпесін&shy;дегі ісікті алып тастады.</p>

Қашықтан жасалған операция

Хирург роботты Шанхайдағы кабинетінде отырып басқарған, ал науқас­тың өзі Шыңжаң-Ұйғыр автоно­миялық ауданы Қашқар қаласындағы операция бөлмесінде болған. Жергілікті ауруханада қажетті біліктілігі бар хирургтер болмағандықтан, олар қытайлық «MedBot» компаниясы жасаған хирур­гиялық құлтемірді қолдануды ұйғарды. Операция жасаған жетекші хирург Луо Цинцюанның айтуынша, ол 5G байланысын қолданудың арқасында 5 мың шақырым қашықтықта орналасқан роботты басқару кезінде ешқандай кідіріс сезінбегенін атап өтті. Нәтижесінде, операция сәтті аяқталған.

Бөлісу:
Қашықтан жасалған операция · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар