Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 90

Жылыжай және жасанды интеллект

<p style="text-align: justify;">Астаналық оқушылар алғаш рет аэро&shy;поникалық әдісті пайдалана оты&shy;рып, &laquo;Мұнара&raquo; жобасын жа&shy;сап шықты. Бұл құрылғының артық&shy;шылығы жасанды интеллект арқылы жер мен суды үнемдеуге септігін тигізеді.</p>

Жылыжай және жасанды интеллект

Астаналық Аружан Кәуке, Адия Қызыл­таева, Малика Закирова есімді оқу­шылар жобаны аяғына дейін жеткізу үшін жарты жыл еңбектенген. Нәтижесінде, «Аэро­поникалық мұнара» 3-4 аптаның ішін­де жемісін бере бастады. Ша­руалар бір жылыжайдан жылына үш рет өнім алса, ал қыздар бұл жобадан жылына он екі рет өнім алады. Жобаны жетілдіру үшін қыздар мемлекеттен 6 млн теңгелік грант ұтып алған. Қазір олар құрылғыны да­мы­тып, робот құрастырып жатыр. Жа­сан­ды интеллекттің агрошаруашылықта мүм­кіндіктерін пайдалану үшін жас ға­лым­дар жақын арада өздерінің жобасын әлем назарына ұсынбақ. Атап айт­қанда, «Аэро­поникалық мұнара» Грекия мемле­кетінде өтетін ауқымды байқауда сынға түседі.

Бөлісу: