Жаңалықтар
1 мин оқу 304

Маңғыстауда 105 жастағы кейуана сайлауға үйінде үн қосты

26.04.2015 MangustauАҚТАУ. 26 сәуір. Маңғыстауда 105 жастағы кейуана дауыс берді. Бұл туралы egemen.kz  тілшісі хабарлады. Несіп Ерінбаева Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында тұрады. 10 немере мен 4 шөбересі бар 105 жастағы кейуананың үйіне сайлау комиссиясының мүшелері үйіне  жылжымалы жәшік жеткізген болатын. Жәшікке  өз таңдауын жасаған бюллетеньді салған Несіп Ерінбаева Қазақстанның тыныштығына, жетістіктері мен берекелі тұрмыс-тірлігіне риза екендігін білдірген. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz
Бөлісу:
Маңғыстауда 105 жастағы кейуана сайлауға үйінде үн қосты · Egemen Qazaqstan