Спорт
1 мин оқу 170
Елімізден барған мерген Олимпиаданың іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті
<p>Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында бақ сынады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Никита Чирюкин тапанша атудан (25 м) іріктеу кезеңінің бірінші айналымында сынға түсіп, 293 ұпай еншіледі. Нәтижесінде отандасымыз 29 спортшы қатысқан жарыста 6-орынға табан тіреді.
Іріктеу кезеңінің екінші айналымы бүгін, 4 тамызда сағат 16:00-де басталады. Үздік шыққан 6 мерген финалдық кезеңге жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто Олимпиада финалына шықты.
Сондай-ақ 4 тамыз күні Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түсетінін жазған болатынбыз.
Бөлісу:
