Ауа райы
1 мин оқу 190
Елімізде 45 градусқа дейін ыстық күтіледі
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6, 7, 8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның солтүстігінде нөсер жауын жауады. Оңтүстікте күн өте ыстық болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Метеорологтар алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын баса айтты.
Жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.
«6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда республиканың солтүстігінде кей жерлерде қатты жел соғады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ал, Республиканың қалған бөлігінде күндіз +38+45°С қатты ыстық күтіледі.
Бөлісу:
