Олимпиада
1 мин оқу 140

Таэквондошы Самирхон Абабакиров Олимпиада чемпионына есе жіберді

<p style="text-align: justify;">Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте италиялықтан жеңілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Таэквондошы Самирхон Абабакиров Олимпиада чемпионына есе жіберді

58 келі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров 1 кезеңде Вито Дел'Акиладан басым түссе де, келесі сындарда есе жіберді. 

Екі кезеңде тең түскен қарсыластар қосымша уақытта да барын салды.  Самирхон Абабакиров кездесудің соңғы 15 секундында ұпай еншілегенмен, осы уақыт аралығында басымдығын сақтай алмады. Осылайша жылдам, тәжірибелі италиялық жеңісті өз пайдасына тіркеді.

Самирхон Абабакиров енді қарсыласының финалға жетуін күтеді. Италиялық спортшы  финалға жетсе,  отандасымыз жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Бөлісу:
Таэквондошы Самирхон Абабакиров Олимпиада чемпионына есе жіберді · Egemen Qazaqstan