Оқиға
1 мин оқу 160

Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде көз жұмды

<div class="description" style="text-align: justify;">Алматы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде кенеттен қайтыс болды.&nbsp;Ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігі растады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде көз жұмды

ҚР Туризм және спорт министрінің қоғам және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріптің айтуынша, басқарма басшысы түнде қайтыс болған.

Алдын ала себеп — жүрек талмасы. Ерден Хайруллин 36 жаста болған еді.

Ерден Хайруллин Алматы қаласының спорт басқармасын 2022 жылдан бері басқарып келген.

2012-2019 жылдар аралығында Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Бөлісу: