Олимпиада
1 мин оқу 110
Брейкингтен Әмір Закировтың қарсыластары анықталды
<p style="text-align: justify;">9 тамыз күні Олимпиада бағдарламасына жаңадан қосылған брейкингтен сайыс басталады. Бұл спорт түрінен ел намысын Әмір Закиров қорғайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бүгін брейкингтен жеребе тартылды. Ұлттық құрама спортшысы Әмір Закиров Париж Олимпиадасын D тобында бастайды.
Отандасымыз ертең кешке Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен белгілі спортшымен шеберлік байқасады. Ал отандасымыз халықаралық деңгейде B-boy Amir атымен танылған.
Брейк-данстан ерлер сайысы ертең кешке басталып, түнде аяқталады.
Бөлісу:
