Оқиға
1 мин оқу 160

Шымкентте базар өртенді

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 11 шамасында Шымкенттің Тұран ауданында орналасқан базар өртенді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте базар өртенді

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт 12:30-да оқшауланғанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖМ-ға қарасты мекемелердің жеке құрамынан 140-қа жуық адам, 50 бірлік техника жұмылдырылған.

Қызыл жалын 500 ш.м. аумақты шарпыған. Базардағы 8 киім дүкені мен асхана өртенген.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Шымкентте базар өртенді · Egemen Qazaqstan