Әлем
1 мин оқу 1,103

Өзбекстан Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы табыстады

<p style="text-align: justify;">Өзбекстан Париж Олимпиадасында 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 13 орынға табан тіреді. Бұл көрсеткішпен көрші ел Орталық Азияда көш бастады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өзбекстан Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы табыстады

11 тамыз күні Өзбекстан атлеттері еліне оралды. Жүлдегерлерді O‘zbekiston Vazirlar Mahkamasi (Өзбекстан министрлер кабинеті), федерациялар мен жанкүйерлер Ислом Каримов атындағы халықаралық әуежайда сән-салтанатпен күтіп алды. 

Көрші ел чемпиондары арнайы автобуспен Ташкент қаласын аралап, Өзбекстанның ұлттық олимпиадалық комитеті ғимараты алдында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. 

Мерекелік жиында елдің Бош вазири (Премьер-министр) Абдулла Арипов жеңімпаздарға мемлекет тарапынан берілетін сыйақы мен қомақты сыйлықтарды табыстады. 

Алтын медаль иегерлеріне: 

  • 200 мың АҚШ доллары; 
  • Tahoe автомобилі;
  • 2 қабатты коттедж;

Күміс медаль иегерлеріне: 

  • 100 мың АҚШ доллары; 
  • BYD Song Plus EV Champion автомобилі; 
  • Пәтер; 

Қола медаль иегерлеріне:

  • 50 мың АҚШ доллары; 
  • BYD Song Plus DM-i Champion автомобилі; 
  • Пәтер.
Бөлісу:
Өзбекстан Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы табыстады · Egemen Qazaqstan