Кино
2 мин оқу 320

Үлкен экранда – «Дала қасқыры»

<p style="text-align: justify;">Күні кеше ғана елордадағы Mega Silk way орталығында Әділхан Ержановтың &laquo;Дала қасқыры&raquo; фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Киножоба Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және &laquo;Golden Man Media&raquo; компаниясының қолдауымен түсірілген. 15 тамыздан бастап ел кино&shy;театрларына жол тартпақ.</p>

Үлкен экранда – «Дала қасқыры»

«Дала қасқыры» – триллер мен драма элементтері астасқан туынды. Шы­ғармашылық топ сценарийге алты жыл бұрын кірісіп, түсірілім жұмыстары 2021 жылы басталған.

Фильм түсірілімі елімізде, атап айтқанда, Алматы және Жетісу облыс­тарының аумағында өткен. Оған 100-ден астам маман жұмылған. Қауіп­ті трюктерді еліміздің каскадерлері орын­­дады, бұған қоса Белоруссия­дан ар­найы мамандар да шақырыл­­ған. Фильм­де жоғалған ұлын іздеген Тамара есім­ді әйелдің оқиғасы баяндалады. Ол кө­мекке жүгініп, детектив жалдайды және бұл шешімі күтпеген салдарға әкеледі.

«Дала қасқыры» – зорлық-зомбы­лық, кек қаншалықты өзін ақтайтыны, күшті әйел туралы фильм. Кейіп­кер бір қарағанда әлсіз көрінеді, бірақ іс жүзінде оның мінезі мен рухы мық­ты. Фильм халықаралық аудитория­ның назарын аударды. Халықара­лық фестивальде жүлделі орындарға ие болып, табысқа жетіп жатыр», дейді фильмнің продюсері Әлия Меңдіғожина.

«Дала қасқыры» жақында Кана­да­дағы «Fantasia Film Festival» фес­тивалінде топ жарды. Дүбірлі додада фильм актерлері Берік Айтжанов пен Анна Старченко «Үздік актер» атанған еді. Сонымен қатар фильм операторы Еркінбек Птыралиев Оскар академиясының мүшесі болды.

«Дала қасқыры» – жанрлық кино. Баласын жанұшыра іздеген ананың ешнәрседен тайсалмай, кедергілерге қарамай, тіпті қауіппен бетпе-бет келе алға ұмтылатынын баяндайды. Туын­дының басқа сюжеттік желісі жоқ, ол орын алған оқиғаның айналасын ғана айшықтап, көрерменге тап-тұйнақтай етіп жеткізеді», дейді режиссер Әділхан Ержанов.

Еске салсақ, аталған туынды өт­кен жылы Роттердам кинофестивалін­де жоғары бағаланды. Сондай-ақ Бель­гияда өткен халықаралық кино­фес­тивальде бас жүлде иеленді. ReimsPolar 2024 кинофестивалінде де мара­патталған болатын.

Бөлісу:
Үлкен экранда – «Дала қасқыры» · Egemen Qazaqstan