Аймақтар
1 мин оқу 140
Шығыс Қазақстан облысында қойма өртенді
<p>Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер қоймадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Өскемен қаласындағы азық-түлік қоймасының үй-жайында болған. Қоймадағы картон қораптар өртенген. Өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт таралып үлгермеген. Қазір қауіп жоқ, өрт толығымен сөндірілген.
Бөлісу:
