Президент
1 мин оқу 130

Президент Qarmet Креативті технологиялар орталығын аралады

<p></p> <p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысына &laquo;Qarmet&raquo; акционерлік қоғамының профильдік емес активтерді басқару жөніндегі директоры Алмас Сиранов Орталықта роботты техника, автомоделдеу, ұшқышсыз басқарылатын дрондар секциялары, бағдарламалау, блогерлер, журналистика, документалистика мектептері, подкаст студиясы және басқа да шығармашылық бағыттағы үйірмелер ашылғанын жеткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент Qarmet Креативті технологиялар орталығын аралады

Алмас Сирановтың айтуынша, Орталық тек металлургиялық комбинаттың ғана емес, Теміртау қаласының көрнекті нысанына айналады. Мұнда жастар кәсіби бағдар алып, өздерінің инженерлік дағдыларын шыңдайды.

Президент кәсіпорын жұмысшыларымен және ардагерлерімен, сондай-ақ кәсіподақ өкілдерімен әңгімелесу барысында еңбек адамы ең жоғары құрметке лайық екенін атап өтті. Бұл ретте мемлекет тарапынан олардың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

Бөлісу:
Президент Qarmet Креативті технологиялар орталығын аралады · Egemen Qazaqstan