Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
<p style="text-align: justify;">Осы жылдың 20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тәжікстандағы Мәдениет күндері аясында бірқатар ірі іс-шара өткізу жоспарланған.
Мәселен, 20 тамыз күні Душанбе қаласындағы «Ватан» кинотеатрында отандық кино күндері ашылады.
22 тамыз күні сағат 19:00-де «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысады.
Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын «Кохи Борбад» мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан «Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері» атты көрмесі ұсынылады. Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.
