Жарнама
 
Қоғам
1 мин оқу 110

Алматыда тазалықшы әйелді күйеуі соққыға жығып, мерт қылған

<p>Алматыдағы "Асылтау" тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адамды күйеуі ұрып өлтірген. Бұл туралы 17 тамызға қараған түні "НеМолчиKZ" қорына хабарлама түскен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда тазалықшы әйелді күйеуі соққыға жығып, мерт қылған

Қор мәліметінше, әйел ғимараттағы 14-15 қабаттарды жинап, тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген. Сағат 17:00-де тұрғын үй кешенінде полиция мен жедел жәрдем келді.

- Біздің Алматыдағы тұрғын үй кешенінде тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді. Бұл сұмдық. Біздің елде әйелін ұрып-соғып өлтіру сәнге айналған сияқты. Қылмыскерді қолға түсірген секілді. Әйелдің бір қызы бар, жасы 45-те еді. Мен оны күнде көретінмін, сондай ұқыпты еді. Екі үйдегі 14-15 қабатқа дейін тап-таза етіп, жинап шығатын, – деп жазды тұрғындардың бірі.

Алматы полиция департаменті қайғылы оқиғаны растап, іс қозғалғанын мәлімдеді.

- Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді полиция департаменті.

Бөлісу: