«Семей орманы» резерватының 5 тұсынан шыққан өрт сөндірілді
<p>«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 5 жерден шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Соңғы күндері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт оқиғалары жиілеп кетті. 17 тамыз күні 5 жерге қызыл жалын жайылған.
«Әр жерге өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл жетіп, тілсіз жаумен күреске түсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жердегі өрт сөндірілді. Анықталғандай, 5 жерде де оттың шығуына – найзағай себеп болған», - делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, 15 тамыз сағат 18:00-ден 16 тамыз 13:00-ге дейін аталған орман қоры аумағында шыққан 18 өрт ауыздықталған болатын.
