Аймақтар
1 мин оқу 120
Алматы облысында жоғалған туристер құтқарылды
<p>Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жоғалған туристерді тауып алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысының Талғар ауданында 1994 жылы туған екі ер адам тауға көтеріліп, бірақ адасып, өз бетінше таудан түсе алмай қалған.
Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы қараңғы түсіп және ағаштарды құлатқан дауылды желге қарамастан, туристерді Қотырбұлақ шатқалынан тауып, қауіпсіз жерге алып барды.
Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.
Бөлісу:
