Қоғам
1 мин оқу 120

Такси жүргізушілеріне қалааралық тасымалдауға тыйым салына ма

<p style="text-align: justify;">20 тамызда Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет брифингінде ел азаматтарының наразылығын тудырған &laquo;InDrive&raquo; және &laquo;Яндекс.Такси&raquo; жүргізушілерінің 50 шақырымнан астам қашықтыққа жүруіне шектеу енгізу туралы ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Такси жүргізушілеріне қалааралық тасымалдауға тыйым салына ма

Қарабаевтың айтуынша, такси жүргізушілеріне тыйым салу министрліктің ұсынысы немесе енгізіліп жатқан түзетуі емес.

«Бұл министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан түзету емес еді. 50 немесе 100 км шектеу маңызды емес. Атап айтқанда, мұндай өзгеріс болжанбаған. Бұл агрегаторлардың қызметін жетілдіру бойынша жұмыс тобына қатысушылардың бірінің ұсыныстары болды. Мұндай түзету дайындалмайды және талқыланбайды», деп қосты ол.

Еске салайық, 30 шілдеде Көлік министрі Марат Қарабаев «InDrive» және «Yandex.Taxi» такси жүргізушілеріне 50 шақырымнан астам қашықтыққа шектеу енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Бөлісу:
Такси жүргізушілеріне қалааралық тасымалдауға тыйым салына ма · Egemen Qazaqstan