Қазақстан
1 мин оқу 241

Қазақстанда қала халқының үлесі артқан

<p style="text-align: justify;">Кейінгі 5 жылда Қазақстандағы қалалар саны 2 облыстық және 1 аудандық маңызы бар қалаларды қоса алғанда 3 қалаға артқан. Ал Ұлттық статистика бюросының осы жылдың 1 шілдедегі дерегіне сай&nbsp;елімізде қала мәртебесі бар 90 елді мекен тіркелген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда қала халқының үлесі артқан

Ең көп қала Ақмола облысында тіркелген. Олардың саны - 11. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында — әрқайсысында 8 қала мәртебесі бар елді мекен бар.

Бес жыл бұрын қала халқының үлесі 58% құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 62,7% дейін өскен. Осылайша қала халқының саны 12,6 млн адамға жетті.

Ең көп қала тұрғындарының саны Республикалық маңызы бар қалаларда: Астана – 1,4 млн, Алматы – 2,2 млн, Шымкент – 1,2 млн адам. Облыстар ішінде 927 мың қалалық тұрғыны бар Қарағанды мен 709 мың қала тұрғыны бар Ақтөбе облыстарында урбанизация деңгейі жоғары көрсеткішке ие.

Бөлісу:
Қазақстанда қала халқының үлесі артқан · Egemen Qazaqstan