Спорт
1 мин оқу 130

Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен балуандар екі күміс медаль еншіледі

<p style="text-align: justify;">Иорданияның Амман қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның екі балуаны&nbsp; күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен балуандар екі күміс медаль еншіледі

Грек-рим күресінен 51 келі салмақта финалға шыққан Алпамыс Болатұлы америкалық Джейден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміске қол жеткізді.

80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкариннен 0:3 есебімен ұтылып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ал 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен Едіге Төлеутаев әзербайжандық Амрах Амраховтан 1:3 есебімен ұтылды.

Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен балуандар екі күміс медаль еншіледі · Egemen Qazaqstan