Мәдениет
1 мин оқу 162

Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды

Голливудта өткен байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар қатысқан.

Әлихан «актерлік өнер» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсеткен. Нәтижесінде ол үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса Қазақстан студентіне кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталған.

Нәтижесінде әлемдік модельдердің үштігіне енген Әлихан енді әйгілі Versace және Gucci брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Әлихан Нұржауов Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Бөлісу:
Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды · Egemen Qazaqstan