Аймақтар
4 мин оқу 170

Суқоймалары қаншалықты қауіпсіз?

<p style="text-align: justify;">2011 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінде &laquo;Қазақ су шаруашылығы&raquo; (&laquo;Қазсушар&raquo;) атты республикалық маңызы бар су шаруашылығы нысандарын күтіп ұстау, пайдалану және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік кәсіпорын құрылды. Бұл Үкіметтің 2011 жылғы 28 ақпандағы №196 қаулысына сәйкес Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республика&shy;лық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен жасақталды. 2024 жылы оның құрамына &laquo;Нұра топтық су құбыры&raquo; ШЖҚ қосылды.</p>

Суқоймалары қаншалықты қауіпсіз?

Кәсіпорын қызме­тінің негізгі мақ­саты – өзі­нің қа­­ра­мағындағы гидро­тех­ни­­­калық құрылыстар мен ке­шенді суқоймаларын, ма­гистралдық су құбырлары мен өзге де су шаруашы­лы­ғы нысандарын ұстау, пай­далану және қалпына кел­тіру. Мұның барлық облыс орталығында және рес­публикалық бағыныста­ғы қалаларда филиалдары бар.

Кейінгі жылдарда «Қаз­сушардың» экономикалық ахуалы қиындығы туралы бірнеше рет жазылды. Со­ның ішінде былтыр­ қазан айында біздің басылымда жарияланған мақалада кә­сіпорынның халықара­лық қаржы ұйымдары ал­дын­дағы қарызы 100 млрд тең­геден асқаны жазылған еді. Мақалада «Қазсушар­­дың» Ақтөбе, Жамбыл, Түркіс­­тан, Алматы облыстарын­дағы филиал­дары суармалы жер­лер­дің инфрақұрылы­­мын қал­пына келтіру жобала­­ры­на Еуропа қайта құру ­және даму банкінен (ЕҚДБ) ­60,9 млрд теңге және Ислам ­даму банкінен (ИДБ) 53,2 млрд тең­ге қарыз алып, оның 40%-ы ­ғана пайдаланылғаны айтыл­ған. Қалғаны агрегация­лық желілерді қалпына кел­тіру үшін жобалық-смета­лық құжаттама жиынтығы­ның (ЖСҚ) дұрыс алынбауына бай­ланысты игерілмей қалған екен.

Осы орайда «Қазсушар­дың» Солтүстік Қазақстан об­лысындағы филиалының ахуалын білмек болып, оның ди­ректоры Шұғайып Иба­туллинге жолыққан едік.

«Біздің негізгі қызметі­міз – суқоймалары бар Сер­­геев, Петропавл және Ғ.Мүсірепов ауданындағы Шарық су тораптарын пай­далану және гидротехника­лық құрылғылармен Есіл өзе­ні ағысын реттеп, Солтүс­тік Қазақстан және ішінара Қостанай мен Ақмола облыс­тарына су баруын қам­тамасыз ету. Сонымен қатар Ресейдің Түмен облысын ке­пілдендірілген ағыспен қамтамасыз етеміз», деді ол.

Сондай-ақ филиал­ Сол­түстік Қазақстан суқой­­ма­­­ла­­ры мен өзен суы ағы­­сын рет­­­теу арқылы ша­руа­­шылық­тар­ды, тұр­­ғындарды ауызсумен қам­туға, өнеркәсіп­ті сумен жаб­дықтауға және суарма­лы жерлерге су беру­ге, ба­лық шаруашылығы қа­жетті­ліктерін қамтама­сыз етуге жауапты. Бұған қоса экологиялық және сани­тарлық су жіберуді жүзеге асы­рады. Филиал­дың «Есіл су», «Қызылжар су» «Сев­КазЭнерго» (ПЖЭО-2), т.б. аса ірі су пайдала­нушы­ла­ры бар. Оларға топ­тық құбыр­лар арқылы су жет­кізіледі.

Есілдің биылғы ерекше тасқынынан бүкіл ел хабардар. 693 млн текше метр су сақтай алатын қоймасы бар Сергеев суқоймасынан асқан тасқын судың биіктігі күн­­нен-күнге көтеріліп, ақыры ­4 метр 25 см рекордтық көрсет­кіш­ке жет­ті. Осы кезде ағыспен келген алып сеңдер бөгетті қира­тып, су жайылып, алдымен Сер­­геев қаласын, сосын алыс-жа­қын ауылдарды басып қалмас ­па екен деген қауіп төнді. Әй­те­уір 1969 жылы Мәскеудің Я.Жук атындағы жобалау-зерт­­теу институтының жобасы­мен салынған нысан сыр берген жоқ. Ал Сергеевтен 173 ша­қырым қашықтықта, төмен орналасқан, сыйымдылы­ғы 24,5 млн текше метр Пет­ро­павл суқоймасы 1973 жылы салынған. Мұнда өзен ағынын реттеу 3 қақпа және төменгі су ағызу арқылы жүзеге асырылады. Су деңгейінің мұн­дағы ең биік нүктесі 16 сәуірде ­97,9 метрге жетті.

Осылардың үстінен гү­рілдеп, сарқырап жатқан ағыс­ты қарап тұруға да әркім­нің жүрегі дауаламайтын. Ал Шұғайып Нәсіполла­ұлы­ның су тасқыны уақытын­да үнемі екі суқоймасының басында жүргенін көрдік. Ол тасқын су әлі қайтпаған тұста Петропавлға іссапар­мен келген Президентке де суқоймаларының техни­ка­лық ахуалы туралы баянда­­ған жалғыз маман болды.

«Сергеев суқоймасы нау­рыздың 29-ынан бастап тез тола бастады. Қай межеге жетіп тоқтар екен деп күнде алаңдаумен болдық. Ең биік шыңы 9 сәуірде тіркелді. Осы кезеңде суқоймасындағы су деңгейі 142,5 метрге кө­теріліп, бөгеттен асқан биік­тік 4,25 метрге жетіп, екі күн бойы қайтпай тұрып ал­ды. Қоймадағы судың кө­лемі 1261,8 млн текше метр­ге жетіп, жобалық көлем­нен 182% асты. Тасқын су­дың мұндай көлемі мен көр­сеткіштері оның салыну сәті­нен бастап тіркелген емес. Ал Петропавл суқойма­сын­­да шағын көлемді болған­дық­тан, су тасқынының еркін өтуі үшін кедергілері алынып тасталады. Су торабын пайдалану қағидаларына сәйкес секундына 600 текше метрден аса су айдаған ағыс кезін­де барлық қақпасы көтеріліп, ағын транзиттік режімде өте­ді. Биылғы тасқында осы су­қоймасының жобалық көле­мі­нен 360 есе артық су өтті», дейді Ш.Ибатуллин.

Тасқыннан кейін гидро­техникалық құрылыстарға комиссиялық тексеру жүр­гізілді. Нәтижесінде, «Қаз­сушар» РМК Солтүстік Қазақ­стан филиалының Сергеев және Петропавл су тораптары қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды. Бұлардың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, су тораптары келесі су тасқынын өткі­зуге дайын.

«Қазір Сергеев пен Пет­ропавл су тораптары қана­ғаттанарлық жағдайда, штат­тық режімде жұмыс іс­тейді. Ал Шарық өзеніндегі су торабымыз «апаттық» жағ­дайда. 2016 жылдан бастап бұл торап транзиттік режімде ғана жұмыс істейді», деді филиал директоры.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Суқоймалары қаншалықты қауіпсіз? · Egemen Qazaqstan