Ауа райы
1 мин оқу 141

Найзағай, жаңбыр, тұман: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Найзағай, жаңбыр, тұман: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, республикамыздың батысында, оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Атырау, Абай облыстары, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Найзағай, жаңбыр, тұман: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады · Egemen Qazaqstan