Атырауда суға батқан бала іздестіріліп жатыр
<p style="text-align: justify;">Атырау облысы Ақжар ауылы маңында Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесі іздестіріліп жатыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қайғылы жағдай 21 тамыздан 22 - сіне қараған түні болған. Мамандарға хабар сағат 1: 40-та берілген.
Құтқарушылар оқиға орнына барып, 2010 жылы туған баланың рұқсат етілмеген аумақта суға түскенін анықтады.
«Атырау қаласына таяу орналасқан Ақжар ауылының тұсында 1 жасөспірімнің суға батып кеткені туралы шақырту түсті. Сүңгуірлер таңға дейін су астында іздестіру жұмысын жүргізді», делінген Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Іздеу - құтқару жұмыстары бүгін де жалғасып жатыр. Бұл іске 16 құтқарушы мен 4 техника, 4 жүзуге арналған құрал жұмылдырылған.
