Қоғам
1 мин оқу 110

Ақынға арналған кеш

<p style="text-align: justify;">Хакім Абайдың туған күні аясындағы іс-ша&shy;&shy;ралар &laquo;Жастар&raquo; театры сахнасында тү&shy;йінделді. Ақын мұ&shy;расын ұлық&shy;тау мақ&shy;сатында өткен &laquo;Абай аманаты&raquo; атты кешке зиялы қауым мен абайтанушы ғалымдар, әртістер мен елорда қонақтары қатысты.</p>

Ақынға арналған кеш

Музыкалық кеште әнші­лер Алтынай Жо­ра­­баева, Сүндет Байғожин, ха­лық­­аралық байқаулардың лау­реаты Ерлан Рысқали, ROYAL квартеті мен айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан, басқа да өнерпаздармен қатар «Жастар театры» ұжымы да сахнаға шықты. Ал Ұлт­тық аспаптар ансамблі музыкамен әрлеп отырды. Шығармашылық кештің шымылдығы «Бала Абай» бейнесюжетімен ашылып, «Жас Абай» мен «Дана ­Абай» бейнекөріністері көрсе­тіл­ді. Сонымен қатар Абай ән­дері де нақышына келтіре орындалды. Ал айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан ақынға арнаған өлеңін орындап, көрермен көңілін көтер­ді. Кеш барысын­да «Жастар театры» ұжымы­ның «Абай – Тоғжан» спектаклі­нен үзінді қойылды.

Бөлісу:
Ақынға арналған кеш · Egemen Qazaqstan