Экономика
1 мин оқу 240

1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері көбейеді

<p style="text-align: justify;">Қаржы министрлігі алдағы екі жылға арналған республикалық бюджет жобасын &laquo;Ашық НҚА&raquo; порталында жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері көбейеді

2025-2027 жылға арналған жобада 2025 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері көбейетінін мәлімдеген.

Биылғы есептік көрсеткіштер мөлшері: 

ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);
 
АЕК – 3692 теңге (7,6 доллар);
 
ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге (119,8 доллар);
 
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге (89,9 доллар);
 
ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 28 215 теңге (58,4 АҚШ доллары) болса, 
 
2025 жылға арналған жоба мақұлданса:  
 
ең төменгі жалақы – 85 мың теңге ($176);
 
АЕК – 3932 теңге (8,1 доллар);
 
ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (130 доллар);
 
ең төменгі күнкөріс деңгей – 46 228 теңге (95,7 доллар);
 
ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 32 360 теңге (67 доллар) болады деп жоспарланып отыр. 
 
Сондай-ақ жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемін 8,5%-ға арттыру көзделген. 
Бөлісу:
1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері көбейеді · Egemen Qazaqstan