Әлем
1 мин оқу 93

Ямайкада 16 жастағы жасөспірім акуланың құрбаны болды

<p style="text-align: justify;">Ямайканың Фолмут қаласында 16 жастағы жасөспірім үлкен ақ акуланың құрбаны болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыртқыш жігіттің басын тістеп алып, денесін қатты зақымдаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Jamaica Observer сайтына сілтеме жасап.</p>

Ямайкада 16 жастағы жасөспірім акуланың құрбаны болды

Қайтыс болған жас жігіттің әкесінің айтуынша,  ұлы ата-анасының қарсылығына қарамастан, дүйсенбі күні су астында балық аулауға барған. Келесі күні жергілікті балықшылар мен сүңгуірлер жігітті іздеуге шыққан. Олар жасөспірімнің басы кесілген, сол қолы жоқ мәйітін тапқан. 

Жасөспірімді іздеуге шыққан балықшылардың бірі жақын жерден акуланы байқап, оны өлтірмек болған. Жергілікті тұрғындар акулалар круиздік кемелердің соңынан Фолмут суларына түсіп, адамдарды аулау үшін қалатынын айтқан. Сонымен қатар олар соңғы жылдары жыртқыштардың адамдарға шабуылы айтарлықтай өскенін атап өткен.

Бөлісу:
Ямайкада 16 жастағы жасөспірім акуланың құрбаны болды · Egemen Qazaqstan