Туризм
1 мин оқу 141
Іле Алатау тауларында адасып кеткен үш жігіт аман-есен табылды
<p>Іле Алатау тауларында құтқарушылар үш жігітті құтқарды. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабарлайды.</p>

Алматы облысында 1998, 2001 және 2004 жылы туған үш жігіт тауға шығып, қараңғыда "Лесной" асуынан төмен түскен кезде адасып кеткен. Олар құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болған.
- ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таулы жерлермен екі сағатта жоғалғандарға жетіп, жігіттерді төмен қарай, туыстары күтіп тұрған жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, делінген хабарламада.
Бөлісу: