Алматы облысында тауда жарақаттанған бойжеткен құтқарылды
<p>Құтқарушылар тауда жарақат алған бойжеткенді эвакуациялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысының Қарасай ауданында 1999 жылы туған бойжеткен аяғынан жарақат алып, өздігінен таудан түсе алмай Республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің көмегіне жүгінді, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
- Құтқарушылар жәбірленушіге жаяу жетіп, медициналық көмек көрсетіп, оны 4,5 км алдымен қолдарында ұстап, кейін зембілмен автожолға дейін жеткізді, – деп толықтырды ведомство.
Осылайша, құтқарушылар туристі таудың етегіне түсіргеннен кейін ауруханаға одан әрі тасымалдау үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына табыстады.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салады.