Спорт
1 мин оқу 83

Ел хоккейшілері Олимпиада жолдамасын иелене алмады

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы жолдама иелене алмады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.</p>

Ел хоккейшілері Олимпиада жолдамасын иелене алмады

Шешуші матчта Қазақстан құрамасы Словакияға есе жіберді. Қос команда D тобында 6 ұпай жинап Венгрия мен Австрияны қапы қалдырған. 

Ал Олимпиада жолдамасына қорытынды матчта жеңіске жеткен команда ғана қол жеткізетін еді. Бұл кездесуде ел құрамасы Слоавкия хоккейшілерінен 3:1 есебімен жеңілді. 

Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты. Осылайша, Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды. 

Еске салайық, бұл турнирде Қазақстан Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен ұтқан еді.

Бөлісу:
Ел хоккейшілері Олимпиада жолдамасын иелене алмады · Egemen Qazaqstan