Алматы
2 мин оқу 70

Ілкімді істің ізашары

<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше 2024&ndash;2025 оқу жылы&shy;ның басында, яғни биылғы 1 қыркүйекте елімізде 16 &laquo;Жайлы мектеп&raquo; пай&shy;далануға берілген. Бұл &ndash; елеулі жаңалық.</p>

Ілкімді істің ізашары

Білім күні Алматы қаласында ерекше салтанатпен өтіп, 29 мың­нан астам 1-сынып оқу­шы­­ла­ры­на алғашқы қоңырау соғылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшы­сының тапсырмасы бойынша іске асып жатқан ұлттық жоба аясында Алматы қаласындағы Әуезов ауда­нында «Жайлы мектеп» ашылды. Бұл алғашқы заманауи білім ордасы 60 жылдық тарихы бар апатты деп танылған №97 мектеп-гимназияның орнына салынды.

Жаңа мектептің ашылуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысып, педагогтер мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

 – Білім күнімен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылының ал­ғашқы қоңырауы соғылып отыр. Оқушылар жаңа білім мен ғылым әлеміне есік ашты. Биыл мектеп партасына қала бойынша 307 мыңнан аса оқушы отырды. Жаңа оқу жылы бәріңізге қызықты әрі жемісті болсын! – деді Ә.Нүсіпова.

Жаңа мектеп 600 орынға арнал­ған. Мұнда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын да­мы­­туға арналған аймақтар, оқу дағ­дылары, цифрлық техноло­­гияларды игеру, сондай-ақ бастауыш және орта мектеп сыныптары үшін бөлек блоктар қарастырылған.

Заманауи мектептің ашы­луын­ асыға күткен ата-аналар да өз қуа­ныштарымен бөлісіп, риза­шы­лық­тарын білдірді.

Қазіргі таңда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру ая­сында Алматы әкімдігінің жоба­лық офисінің қолдауымен 36,8 мың оқушыға арналған 22 мек­тептің құрылысы жүріп жатыр. Биыл жыл соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектепті пайдалануға беріледі. Ал келесі жылы тағы да 4 мың орындық екі мектепті іске қосу жоспарланған.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Ілкімді істің ізашары · Egemen Qazaqstan