Рулі мен педалі жоқ такси пайда болды
<p style="text-align: justify;">АҚШ кәсіпкері Илон Маск тізгіндеген «Tesla» компаниясы әлемдік автоөндіріс саласына тағы да ерекше өнім ұсынды. Бұл жолы компания рулі мен педалі жоқ робот-такси шығарды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құрылымы жағынан көпшіліктің таңданысын тудырған робот-такси адамдарды тасымалдауға арналған. Компания жаңа туындысын тамыз айында көпшілікке көрсетуді жоспарлағанмен, дизайынына біршама өзгеріс енгізу мақсатында таныстырылым уақытын кейінге шегерген.
«Tesla» тұсаукесер «Warner Bros» студиясында өтетінін атап өтті. «Robo-taxi-дің» жеткізу құны әзірге белгісіз.
Ал «Google» компаниясы Mountain View штаб-ғимаратына жұмысына ақы алмайтын 100 қызметкер қабылдаған. Ерекше жұмысшылардың немен айналысатынын «Egemen Qazaqstan» газетінің тұрақты айдары Ғалам ғажаптарынан біле аласыз.