Компания шөп шабу үшін 200-ге жуық ешкі асырап алған деседі. Бұл шөп шабатын машиналарға деген қажеттілікті азайтады. Қатты шу шығаратын, ауаны ластайтын машиналарды пайдаланудың орнына, компания ешкіні таңдаған. Аумақты ұқыпты ұстаудың экологиялық таза тәсілі көпті таңдандырды.
Коперниктің компасы
Польшада жерасты туннелінен Николай Коперниктің компасы мен циркулі табылды. XVI ғасырға тиесілі олжалар Фромборк қаласының шіркеу бақтарында 500 жыл көмулі жатқан.
Коперник өмірінің көп бөлігін Фромборкте өткізді әрі біраз уақыт Фромборк соборының діни қызметкері болды. «Бұл тұжырымның тарихи маңызы зор, өйткені компас – Коперниктің практикалық ғылыми жұмысының тікелей дәлелдерінің бірі», дейді Фромборк мұрасын зерттейтін Михал Антчак.
Тесланың таксиі
«Tesla» робот-такси шығарды. Тұсаукесер «Warner Bros» студиясында өтеді.
Бастапқыда «robo-taxi» презентациясы тамыз айына жоспарланған болатын. Дизайнға өзгерістер енгізу үшін кейінге қалдырылды. Көлік туралы әзірге мәлімет аз. Жаңалық «Cybertrack»-ке ұқсас болады деген болжам бар. Бірақ руль мен педаль жоқ. Жеткізу қызметінің құны әлі айтылмады. Бір білеріміз, адамдарды робот таситын болады.