ЖОЛДАУ
2 мин оқу 130

Салалық инновацияға серпін береді

<p style="text-align: justify;">Президент Қазақстан халқына Жолдауында университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Салалық инновацияларға серпін беріп, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін ашу қажет.</p>

Салалық инновацияға серпін береді

Осы тұрғыдан алғанда ғылыми-технологиялық хакатондар тиімді тетік болып тұр. Бұл тетік өндіріс, ғы­лым өкілдерін және шешім қабыл­дайтын басқару құрамын бір платформаға біріктіруге мүмкіндік береді. «Қазақмыс кор­порациясы» жауапкершілігі шек­­теулі серіктестігімен бір­лесіп ұйымдастырылған ғылы­ми-инновациялық хакатонда бірқатар ғылыми-техно­логия­лық тақырыптар айқын­дал­ды. Ғылымның күш-жiгерi кәсiп­орындардың нақты қолдан­ба­лы қажеттіліктерін шешуге ба­ғыт­­та­ла­ды. Хакатон қоры­­тын­­дылары бойынша ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыт­та­рын қалыптастырудың жаңа тетіктері мен тәсілдері, нақты эко­номиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешу, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақ­сарту, сондай-ақ жаңа өнім өнді­ру үшін, оның ішінде ұлттық экономика тұтынушыларының қажеттіліктерін жабу үшін коммерцияландыру жобаларын ілге­­рі­лету және экспорттық шешімдер әзірленіп жатыр. Қазіргі уа­қыт­та «ERG», «KazMinerals», «KazAtomProm» сияқты ірі ком­пания­­­­лармен және басқа да өнер­кәсіптік кәсіпорындармен ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру бойын­ша белсенді жұмыс жүргізіліп жа­тыр.

Сондай-ақ, Президент 102 Заң қабыл­данғанын, оның ішінде ғылым мен бизнестің интеграциясын тереңдетуге бағытталған ком­мер­цияландыру саласындағы Ғылым қорының функцияларын кеңейткен «Ғылым және техно­логиялық саясат туралы» Заңның қабылданғанын айтты.

Жаңа функциялар қолданбалы ғылыми жобаларды ілгерілету және қолдау құралдарын әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, акселерация және инкуба­ция қолданбалы ғылы­ми жоба­ларды жоспарлау және іске асыру жөніндегі тәсілдерді бизнес-бағдарланған ортаға неғұрлым орнықты ете отырып және кәсіпкерлермен интеграциялану мүмкіндіктерін арттыра отырып, өзгерту мүмкіндігін ұсынады. Өз кезегінде венчурлік қар­жыландыруды дамыту тәсіл­дерін іске асыру жобаларды қаржыландыру тізбегін кеңейтуге мүмкіндік беретін қолдаудың жаңа құралын, оның ішінде deeptech жобаларына инвестициялар тартудың бастапқы раунд­­тарында да, сондай-ақ жаңа нарықтарға масштабтау және экспансия кезеңінде де енгізуге жағдай жасай­ды. Қабылданған шаралар ел экономикасына ғылым­­ның үлесін арттыруға серпін бере­тіні сөзсіз.

2022 жылдан бастап біз қолдан­балы ғылыми жобаларды қаржы­ландырудың тұрақты өсуін байқап отырмыз, бұл осы саладағы тұ­рақты дамуға негіз болады. Ға­лым­­­­дар жоғары белсенділікті және жеке инвесторлармен сапалы өзара қарым-қатынасты көрсетіп жатыр, себебі экономиканың басым секторларының өтінімдері бо­­­­йынша жеке қаржыландыруды мін­детті түрде тарту – Қордың грант­тық қаржыландыру талабы. Түпкілікті нәтиже ғылымды қа­жет­сінетін экономика үшін көп­теген өндірістер құру, жаңа жұ­мыс орындары, алыс жақын шет елдерге экспортты жүзеге асырудан көрінеді.

Камиль АҚАТОВ,

«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы

Бөлісу:
Салалық инновацияға серпін береді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар