Қоғам
1 мин оқу 80

Қазақша ән салады

<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласындағы &laquo;Достық үйінде&raquo; облыстық Қазақ&shy;стан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері арасында &laquo;Қазақша ән саламыз&raquo; фестивалі өтті. Өзге ұлт өкілдері ел аузындағы танымал әндерді тамылжыта шырқап, халқымыздың әншілік мәдениетін жақыннан тани түсті.</p>

Қазақша ән салады

«Қазақша ән саламыз» фестивалі өңірдегі барлық этномәдени бірлестіктің басын қосты. Жалпы саны 60-тан астам қатысушы өнер көрсетіп, қазақтың танымал әндерін орындады. Фес­тивальдың аты айтып тұр­ғандай, мұнда тек өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде ән сал­ды. Әуелі қатысушылар же­ребе тартысып, «Асыл әуен», «Шалқыма», «Сырлы саз», «Дудар-ай» топтарына бө­лінді. Ал мәдени іс-ша­раның өзі «Халық әндері», «Қазақ ком­позиторларының әндері», «Заманауи әндер» деген үш кезеңнен тұрды.

вап

«Қазақша ән саламыз» жобасы Павлодар облысы әкімінің тапсырмасы бойынша тұңғыш рет облыстық Ассамблеяда өткізіліп отыр. Жоба мақсаты – жастар арасында қазақ мә­дениетіне деген құрмет се­зімін тәрбие­леу, өзге этнос өкілдері арасында рухани бір­лік пен ұлт­аралық келісім идея­ларын та­рату, мемлекеттік тілдің да­­­муына ықпал ету. Осы ар­­қылы қазақтың мәдени құн­ды­лықтары ұлықталады. Этно­­мәдени бірлестіктердің өкілдері қазақша ән шырқап, рухани өнерімізбен танысады. Бұл жоба өңірде алғаш рет ұйымдастырылды. Ал­дағы Республика күнінде өзгеше форматта өткіземіз деп жоспарлап отырмыз», дейді «Қоғамдық келісім» ме­кемесінің басшысы Нүрия Кө­бенова.

Қатысушылар жеребе таңдап, өздеріне берілген ән­дерді орындады. Олардың қата­рында «Ана», «Ұстазым», «Сар­жайлау», «Армандастар», «Бір бала» туындылары бар.

ПАВЛОДАР 

Бөлісу:
Қазақша ән салады · Egemen Qazaqstan