Байқау
1 мин оқу 250

Мақал-мәтел сайысы

<p style="text-align: justify;">Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай, Маңғыстауда бірқатар іс-шара жоспарланған. Соның бірі &ndash; &laquo;Тілдарын&raquo; полиглоттар байқауы. Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты &ndash; қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтап, қолдау көрсету, көп тілді меңгергендерді өзгелерге үлгі ету. 15 және 30 жас аралығындағы жастар қатысатын сайыс көп тіл білетін нағыз жүйріктерді анықтайтын болады.</p>

Мақал-мәтел сайысы

«Қатысушының өзіндік киім үлгісі мен сахна мәде­ниетін сақтауы талап етіледі. Қазақ, ағылшын және орыс тілінде өтетін байқау үш ке­зеңнен тұрады», деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тіл­дерді дамыту бөлімінің бас маманы Айзанат Кенжеғұл.

Сондай-ақ өзге ұлт өкілдері арасында мақал-мәтелден «Тіл – тарихтың айнасы» байқауы басталды. Бұл сайыс та Ақтау қалалық ішкі саясат және тіл­дерді дамыту бөлімінің мем­лекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Саламатты ел» қоғамдық қорының ұйым­дастыруымен өткізіліп жатыр. Мемлекеттік тілдің қол­даныс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатындағы сайысқа 15-20 жас және 25-45 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатыса алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау үй тапсырмасынан және төрт кезеңнен тұрады. Қатысушылар алдымен «Үй тапсырмасы» бойынша өзін қысқаметражды бейнеролик арқылы таныстырады, онда қатысушының аты-жөні, қызығушылықтары, қоғамдық өмірдегі жетіс­тік­тері, алдына қойған мақсат-міндеттері, қазақ тілінің қол­­даныс аясын кеңейтуге қо­сып жүрген үлесі, т.б. қам­ты­лу­ға тиіс. Келесі кезең­дерде мақал-мәтел айту­дан жарысып, олардың мағы­на­сын түсіндіруден сынға тү­седі. Ал үшінші кезеңде ма­қал-мә­телдің жалғасын тауып, соңғы кезеңде мақал-мә­тел­дер бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тілдер мерекесіне орай өткізілетін іс-шара тек бұл са­йыстармен шектелмейді, бір­неше күнге ұласатын іс-шаралар мем­лекеттік тілдің мерейін көте­руге негізделген.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Мақал-мәтел сайысы · Egemen Qazaqstan